Батпақтар жіктемесі
Батпақтар жіктемесі — батпақтарды олардың кейбір жалпы сипаттарына қарай топтарға бөлу. Су-минералдық қоректену сипатына, жер бедеріне, орналасу жағдайына байланысты және негізгі өсімдік құрамына қарай батпақтар негізгі үш экологиялық түрге бөлінеді:
Ойпандық батпақтар
Oйпандық батпақтар жер бедерінің ойыс бөліктерінде орналасады. Әдетте, батпақ беті тегіс немесе көтеріңкі (дөңестеу) болып келеді. Атмосфералық жауын-шашын мен қоршаған жыралар арқылы түсетін ағындымен қоса минералды тұздары мол жер асты суларымен қоректенеді. Ойпаңдық батпақтарда минералды қоректі көп қажет ететін өсімдіктер өседі. Синонимі: эвтрофты немесе шөптесін батпақтар;
Беткейлік батпақтар
Беткейлік батпақтар негізінен атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді, сондықтан оларда минералды тұздар аз болып келеді. Бұл батпақтарда топырақтағы қоректік заттарды көп қажет етпейтін олиготрофты өсімдіктер (сфагналық мүктер) өседі. Батпақтың орталық бөлігі шеттеріне қарағанда 7-8 м-ге көтеріңкі болып келеді. Синонимі: олиготрофты немесе мүкті батпақтар;
Өтпелі батпақтар
Өтпелі батпақтар өсімдік жамылғысына және оларды қоректендіретін сулардың минералдылығына қарағанда ойпаңдық және беткейлік батпақтардың екі ортасындағы аралық сипатқа ие. Синонимі: мезотрофты немесе орманды батпақтар. Бет бедерінің геоморфологиялық ахуалына байланысты батпақтар суайрық кеңістіктерінің батпақ массивтері және өзен аңғарлары мен көл қазаншұңқырларының батпақты массивтері болып екі топка бөлінеді. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>
an:Turbera ang:Mōr ay:Juqhu az:Bataqlıq bat-smg:Liūns be:Балота be-x-old:Балота br:Taouarc'heg ca:Torberes cs:Rašeliniště cv:Шурлăх cy:Cors da:Mose de:Moor en:Swamp eo:Torfejo es:Pantano et:Raba eu:Zingira fi:Suo fr:Tourbière fy:Fean gn:Yno'õvu hr:Tresetište hu:Láp is:Mýri it:Torbiera ja:ボグ lt:Pelkė lv:Purvs nds-nl:Vene (grondsoorte) nl:Veen (grondsoort) nn:Myr no:Myr pl:Torfowisko pt:Paul (ecossistema) ro:Smârc ru:Болото sah:Бадараан sr:Тресава stq:Foan sv:Myr th:พรุ tr:Turbalık uk:Болото