Басқақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басқақ -

  1. Қазақ даласында ерте орта ғасырлардан бастап қолданылған лауазым. Тәуелсіздігінен айырылып өзге мемлекеттің вассалына (боданына) айналған елдің билеушісін Басқақ деп атаған;<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
  2. Жаулап алынған елдердегі Шыңғыс ханның сенімді өкілі.<ref>Хара-Даван Э., Чингис-хан как полководец и его наследие, А.-А., 1992. </ref> Оны даруға (моңғол мөр иесі) деп те атаған. Бағындырылған елдегі әр табыс түрінің 1/10 бөлігі хан салығы, он адамның біреуі хан жасағы ретінде алынған. Мұның бәрін хан төңірегінен шыққан айрықша өкіл — Басқақ басқарып, жүргізіп отырды. Жауланып алынған жерлерге жергілікті тұрғындар тарапынан қойылған билеуші қызметін тексеріп отыру үшін хан олардың сыртынан бақылаушы “даруғасын”, яғни Басқағын отырғызған. Басқақтың қарамағында арнайы әскері болған. Олар қауіптен, ішкі кері ықпалдан сақтану үшін қала сыртында тұрған. Ол мекендерді орыстартатар слободасы” деп атаған. Егер қандай да бір князь ханның жарлығына бағынбай, оны орындаудан бас тартса немесе алым-салық төлемесе, Басқақ өз жасағымен оларға қарсы аттанып отырған. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Басқақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}