Басқан асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Басқан, Қараүңгір - Жетісу (Жоңғар) Алатауында орналасқан. Бұл асуды кейде Қараүңгір деп те атайды.
Жер бедері
Ол Қазақстан мен Қытай шекарасында теңіз деңгейінен 3801 м биіктікте жатыр. Асуда жыл бойы мұз бен қар жатады. Солтүстік беткейінен Басқан өзені, оңтүстік беткейінен (Қытай аумағында) Қараүңгір өзені бастау алады. Асудан мамыр-қараша айларында салт атпен өтуге болады. Асуды жергілікті халық ертеден-ақ пайдаланып келеді. <ref>«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4</ref>