Басқамыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Басқамыр.jpg
Басқамыр қаласы

Басқамыр<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> — Қарағанды облысында орналасқан ортағасырлық қамал-қала орны. Көне деректерде Қиян (Хиям) қаласы оғыздардың бас қаласы ретінде аталады. Идриси картасында ол Сарысуға (Руза) құятын Кеңгір (Магра) өзенінің бас жағында, Ертағы (Ұлытау) тауының шығыс бетінде тұр. Оның орналасқан жері біз Басқамыр атап жүрген ежелгі қаланың жұртына дәл келеді. Қаланың осы өңірде тұрған орынын анықтауға С.Г.Агаджанов пен Ә.Х.Марғұлан үлкен үлес қосты.

Орналасуы

Басқамыр ескерткіші Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан 83 шақырым жерде, Ұлытау ауданындағы Жезді кентінен 25 шақырым теріскейде, Жезді өзенінің сол жағалауындағы, Талдысай өзенінің құйылысында, Есқұла шоқыларының қойнауында орналасқан.

Тарихи деректер

Басқамыр – орта ғасырларда Орталық Қазақстанда болған қалалар ішіндегі сәулет өнерінің ең күрделілерінің бірі. Тарихи деректерде аттары аталатын Орталық Қазақстандағы орта ғасырлық қалалардың барлығына жуығы Ұлытау-Жезқазған өңірінде орналасқан. Олар оғыз (гуз) тайпаларының VІІІ-ХІ ғасырлардағы тұрақтары ретінде белгілі болды. Бұл қалалардың осы өңірде тұрған орындарын анықтауға ғалымдар С.Агаджанов пен Ә.Марғұлан үлкен үлес қосты. Олар әйгілі араб тарихшысы әл-Идрисидің «Нузхат-ал-Муштак фи ихтарак ал-Афак» атты еңбегі мен «Сурат ал-Ард» (Жер бедері) атты картасын зерттеу барысында Ұлытаудағы ежелгі қалалар мен іргелі қоныстардың жұрттарын айқындап берген. Көне деректерде Қиян (Хиам) қаласы оғыздардың бас қаласы (астанасы) ретінде аталады. әл-Идриси картасында ол Сарысуға (Руза) құятын Кеңгір (Магра) өзенінің бас жағында, Ертағы (Ұлытау) тауының шығыс бетінде тұр. Оның орналасқан жері Басқамыр атап жүрген ежелгі қаланың жұртына дәл келеді.

Қала құрылысы

Басқамыр — кешенді құрылыс. Басқамыр ескерткішінің құрамына қала жұртының үйінділерінен басқа:

  • екі мазар,
  • қорым,
  • екі шақырым жердегі Есқұла шоқысының биік төбесіндегі биіктігі 3,5 метр тастан қаланған қарауыл мұнарасы,
  • 0,8 шақырым жердегі Сарыбұлақ қайнарынан басталып,
  • қала айналасына тартылған арықтар жүйесі,
  • 1,3 метр қашықтағы тереңдігі 20 метр шахта, кірпіштерден қаланып, еденіне тас төселген,
  • қала маңындағы жеке құрылыс кіреді.

Қамал-қаланың жалпы ауданы 90х90 метр. Кіретін бас қақпасы Ұлытауға баратын ескі керуен жолына қарай бағытталған. Қаланың орны шаршы. Қабырғаларының ұзындығы 80 метрге жақын. Ортасында трапеция пішендес цитаделі бар. Қаланың сырты да, цитаделі де ормен және одан шыққан жал топырақпен қоршалған. Қоршаудың астыңғы іргесі жалпақ гранит тастармен, үстінгі жағы тас пен күйдірілген кірпіштен аралас өрілген. Сыртқы жалдың ені 5 метр, биіктігі 1,4 метр. Цитадель жалының жалпақтығы 12 метр, биіктігі 2,3 метр. Қаланың ішкі солтүстік бұрышында арық бойымен келетін ауыз су сақталатын шұңқыр бар. Қаланың ауданы 310 шаршы метр бөлігінде қазба жұмыстары толық жүргізілді. Цитадельдің ішкі қабырғаларына жапсарлас жеті бөлменің орны ашылды. Едендері балшықпен сыланған. Ішінде диаметрі 0,5-0,9 метр, тереңдігі 0,3 метр ашық ошақтармен қатар күйдірілген кірпіштен қаланған пеш кездесті. Цитадельдің бұрышында биіктігі 2,3 метр мұнара қалдықтары сақталған. Ішінен қыштың сынықтарынан басқа тас, ағаш және металдан (темір, мыс, қола) жасалған бұйымдар көп табылды. Әсіресе, мыстан құйылған ұзындығы 10 см «ескек» тәрізді құлақ шұқығыш, темір пышақтар мен жебе ұштары, қорамса ілгіштің, тағы басқа құнды жәдігерлердің алар орны ерекше.

Басқамыр қаласынан табылған қыштардың Аяққамыр қаласының қышының құрамына ұқсас келеді. Мұның бәрі Орталық Қазақстанды мекендеген оғыз-бесене тайпалары мәдениетінің айқын көрінісі. Зерттеулер мен заттай деректер Басқамыр қаласының VІІІ-ХІ ғасырларда болғанын дәлелдейді. Есқұла шоқысының биік төбесіндегі тас мұнара - Хан тұрғызған әскери бақылау орны деген болжам бар. Үлгі:Дәйексөз, - деген аңыз бар<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 2 том Қ.Ахметов, Ұлытау, «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Басқамыр әрдайым археолог ғалымдарының көңілін аударған, алғаш рет ескі қаланы Ә. Марғұлан, содан кейін С. Жолдасбаев, Ж. Смаилов зерттеді. Археологиялық экспедициялар осы жерде 1948, 1950, 1952 жылдары бар. Көптеген қазіргі археологтар Басқамыр әлі де өзінің құпияларын ашпағанына және қазба жұмыстарын жалғастыру қажет екеніне сенімді.

1994 жылы 13 сәуірде Талдысай шатқалында Қарағанды облысы Ұлытау ауданында «Басқамыр» мұражайы құрылған<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиет

  • Маргулан А.Х., Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане. Археологические памятники Казахстана, А.-А., 1978;
  • Жолдасбаев С.Ж., Типы оседлых поселений казахов по данным археологических исследований Южного и Центрального Казахастана (XV — XІX вв.). Прошлое Казахстана по археологическим источникам, А.-А., 1976;
  • Смаилов Ж.Е., Памятники археологии Западной Сарыарки. Средневековые городища и поселения, Балхаш, 1997.

Тағы қараңыз

Үлгі:Навигациялық кесте