Басқалдақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басқалдақ - өзен суына қойылған бөгеттің қамыстан тоқылған түрі. Басқалдаққа балық көп жиналады. Кезінде Сырдарияға басқалдақ құрып, жиналған балықты шөміш аумен сүзіп алған екен. Бір түнде балық жиналған басқалдақтан бір- екі мың аққайран аулаған кездер болған. Сонымен бірге көл, теңіз жағасынан қыста балық аулау үшін үкі салуға сайланған орынды да басқалдақ дейді. Мұндай басқалдақты екі-үш түйе қамыс пен топырақты араластырып жасаған. Үкі салатын жерде басқалдақ болмаса, ол жердің иесі жоқ дегенді білдірген. Басқаша айтқанда, басқалдақ балық аулау жұмысын реттеу құралы ретінде де қолданылған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Басқалдақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}