Басыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басыр, трахома (грекше trachoma, trachys — кедір-бұдырлы) — көздің дәнекер қабығының созылмалы, жұқпалы ауруы. Басырды трахома хламидийлері (вирус) қоздырады. Ауру ерте заманнан белгілі. Алғаш “Трахома” терминін Сицилия дәрігері П.Диоскорид (б.з.б. 1 ғасыры) енгізген. Басыр жер шарында кең тараған, әсіресе, Оңтүстік, Шығыс Азия мен Африка елдерінде жиі кездеседі. Басырмен ауырғанда көздің кілегей қабығы қызарып, оның бетінде бұдыр дақ қалады. Бұл дақ кірпіктің дұрыс өспеуіне, кірпік жиегінің қайырылып кетуіне соқтыруы мүмкін. Басыр кейде көздің қасаң қабығының жаралануына және қарауытуына жеткізіп, көздің көруін төмендетеді, тіпті науқас адам соқыр болып қалуы да мүмкін. Ауруды асқындырмай, Басырдың белгілері білінісімен дереу дәрігерге көрініп, кеңес алып, емделу қажет. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Басыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}