Басылым мәліметтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басылым мәліметтері - оқырмандарды хабардар етуге, кітапханалық библиографиялық өңдеуге баспа және редакциялық қызметті есепке алу, сондай-ақ жоспарлауға арналған негізгі деректер.<ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Оған (кітап, журнал, газет үшін) басылымды дайындауға қатысушылар (автор, құрастырушы, аудармашы, редактор, суретші-безендіруші, дизайнер, корректор), басылымның аты-жөні, түпнұсқаны теруге берген және басуға қол қойылған күні, қағаз форматы, баспа табақ үлесі, кітап көлемі, журнал, газет нөмірі, жеке, шартты және есепке алынатын баспа табағы, таралымы, шығу мерзімділігі, репродукциялану әдісі, кітапхана каталогтарына арналған әдебиеттерді класқа бөлу индексі, редакцияның, баспаның аты-жөні, мекенжайы, телефоны, баспаханалық тапсырыс нөмірі, баспахана мекенжайы, бір дана кітаптың, журналдың, газеттің бағасы жазылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}