Басылым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басылым - әдеби шығарманың жарық көрген нұсқасы. Бірнеше рет жарық көрген шығарманың әр басылымның мәтінінде азды-көпті айырма болуы ықтимал. Сондықтан, шығарманы зерттегенде оның алғашқы және кейінгі басылымдарын салыстырады. Бұрынғы басылымдарды білу, салыстыра тексеру, әсіресе, текстологиялық зерттеу жүргізу үшін қажет. Мысалы, Абай шығармаларының 1909 жылы Санкт-Петербургте, 1916 жылы Орынборда, 1922 жылы Ташкентте, 1933 жылы Қызылордада, 1939 - 40, 1945, 1954, 1957, 1977, 1995 жылдары Алматыда шыққан басылымдары бар. Осылардың бірінде жоқ деректі бірінен табуға болады. Немесе, М.Әуезов шығармаларының көптеген жеке басылымдарын былай қойғанда, 12 томдық жинағы, кейінгі 20 томдық, 50 томдық жинақтары бар. Осындай басылымдардың ішінде алғашқы басылымның орны бөлек. Жаңалығы, дәлелді өзгертулері болса, кейінгі басылымдар да өзінше құнды болады. Жазушы шығармаларының ғылыми басылымдары арнайы текстологиялық зерттеулер негізінде дайындалып жарық көреді. Сонымен бірге ғылыми басылымда әртүрлі түсініктемелер, қосымша деректер, материалдар толығырақ қамтылады.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}