Басу құрылғысына арналған қағаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басу құрылғысына арналған қағаз (Үлгі:Lang-ru, Үлгі:Lang-en) — компьютердің басу құрылғысында пайдаланылатын қағаз. Бұл — пішіні әр түрлі болып келетін ақпарат тасушы түрлерінің бірі.

  • Таспалық қағаз — бұл қағаздың үзіліссіз таспасы. Оны біркелкі параққа бөлетін көлденең қималар бар. Басылым орындалғаннан кейін қималар таспа қағазын қатарлап бүктеуге және оны айтарлықтай қысқа таспаларға немесе жеке парақтарға оп-оңай бөлуге мүмкіндік береді. Қағаздың екі жағында шеттік ойықтар бар. Олардың ара қашықтығы 1/2 дюйм (13 мм), ал қағаздың екі шетінен ара қашықтығы 1/4 дюйм (6,5мм). Бұл шеттік ойықтар қағазды созу тетігінің немесе тісті дөңгелек механизмінің көмегімен басу құрылғысына дәл тарту үшін пайдаланылады. Таспалық қағаздың ені 20 дюймге (508 мм-ге) дейін барады және оны біршама шағын парақтарға бөлуге арналған қосымша көлденең немесе ұзына бойына қималар бар.
  • Орама қағазорам пішіндегі қағаз. Оны басылымды ешқандай тігіндіге тіркемейтін жағдайда пайдаланады. Мұндай қағазды басу құрылғысына беру, әдетте, фрикциялық (қысатын) тетікпен іске асырылады. Алайда кейбір орамаға, таспалық қағаздағыдай, ілінісуге арналған шеттік ойықтар жасалады. Орама қағаз пайдаланылатын басу құрылғысында оны бөлетін қосымша құрал болады. Орамның ені, әдетте, кассалық аппараттағыдай, 2—3 дюйм (50— 76 мм) немесе, орамды қағазды пайдаланатын басқа басу құрылғысындағыдай, 8— 10 дюйм (20—25 мм) болады. Жеке парақ түріндегі қағаз — бұл мөлшері бірдей парақтар топтамасы. Оны басу құрылғысына қолмен немесе басу құрылғысының арнайы құралына парақтарды автоматты түрде кезекпен беріп отыруға арналған құрылғыға — кесілген қағазды беру құрылғысына тұтас топтамасымен береді. Бірқабатгы қағаз басу құрылғысы арқылы ететін қағаздың тек бір ғана қабатынан тұрады.
  • Көпқабатты қағаз екі немесе бірнеше қабатты қағаздан тұрады. Қабатталған қағаз басу құрылғысынан бірге өтетіндей етіп біріктіріледі де, бір мезгілде соқпалы әрекетті басу құрылғысында басьшымның бірнеше көшірмесін алуға мүмкіндік береді. Көшірмелер алу үшін қағаз қабаттарының арасына көшірме қағаз қойылады немесе көшірме қағазсыз пайдаланылады. Көшірме қағазсыз қабаттардың бетіне арнайы бояу жалатылады да, оны соққан кезде соққы тиген жерге бояу жұғады.Көпқабатты қағаз таспа түрінде де, орам түрінде де немесе жеке парақ түрінде де болады. Этикетгерді басуға арналған қағаз өзі желімденетін жапсырма жапсырылған бір қабатты таспа түріндегі сейкес астардан тұрады. Олар, мысалы, адрестерді басуга пайдаланылады: басылған адресі бар жапсырма содан кейін астардан ажыратылады да, хатқалтаға жапсырылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Басу құрылғысына арналған қағаз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}