Басты желі (фильм)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Басты желі» – «Қазақтелефильм» студиясының түрлі түсті, 2 бөлімді, қазақ-орыс тілдеріндегі деректі фильмі (1982). <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>
Фильм Павлодар алюминий зауытының металлургтерінің еңбек тынысы турасында.
Картинаның басты кейіпкерлері, жастар тәрбиешісі П.Тургин және оның ісін жалғастырушы, КСРО-ның еңбек сіңірген металлургі А.Тұрақбаев. Осылар арқылы сюжеттік желі құрылып, республикадағы алюминий өндірісінің жұмыстары көрсетіліп, зауыт ұжымының табыстары жайлы әңгіме болады.
Сценарий авторы - М.Байтенов, режиссері - Ю.Дубровин, операторы - С.Келдібаев.
Дереккөздер
<references/>