Бастапқы үңгірлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Katerloch1.JPG
Катерлох үңгірі Австрия.

Бастапқы үңгірлер. Кейбір үңгірлер тау жыныстарымен бір мезгілде пайда болған. Олар бастапқы үңгірлер деп аталады. Жыныс түзілген кезде үңгір кеңістігі бос болып қалады. Бастапқы үңгірлерге – лава, көпіршік, туф және риф үңгірлері жатады. Лава туннельдері жанартау белсенділігінің арқасында пайда болады. Олар ең көп таралған бастапқы үңгірлер болып табылады. Лавалық үңгірлер жанартау белсенділігінің арқасында пайда болатын бастапқы үңгірлерге жатады. Әктасты туф үңгірлері - әктасты туф немесе кальций карбонатының қоспасынан пайда болатын алғашқы үңгірлер болып табылады. Риф үңгірлері ішінде немесе губкалы рифтердің ішінде рифтердің өсуімен түзіледі.

Қызықты деректер

  • Аса маңызды лава туннельдері Гавай аралдарынан табылды.
  • Гавайдағы Олаа үңгірлер жүйесі болып табылатын Казумура – АҚШ-тағы ең терең үңгір.
  • Ең үлкен лавалық үңгір Эфиопия мемлекетіндегі Фантало тауынан табылған. <ref>ТАУЛАР, ЖАНАРТАУЛАР. ҮҢГІРЛЕР — Алматы: «Аруна» баспасы</ref>

Дереккөздер

<references/>