Бастамқала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бастамқала – ортағасырлық қала орны.

Қала орны

Қызылорда облысынан оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде, Жаңадарияның құрғап қалған арнасының бойында. XII-XIII ғасырларда өркендеген қаланың ауданы 390*300 м, айнала екі қатар дуалмен, терең ормен қоршалған. Ішкі қорғаныс дуал, оның бойындағы биіктігі 3 м мұнаралар мен ауызғы бөлмелері жақсы сақталған. Мұнараларының арасын жалғастыратын жұмбаздап соғатын дуалдың биіктігі 1,5 м, қалыңдығы 1 м. Сыртқы қорғаныс дуалының қалыңдығы 2 м-ге жуық, биіктігі 3,5 м. Қала ішінде төртбұрышты үйлердің орындары сақталған. Қорғанға сырттан солтүстік және оңтүстік қабырғалар арқылы кіретін болған. Екі үйдің орны мен ерекше ошақтың қалдығы ашылып алынған. Сырланған қыш ыдыстар, металдан жасалған дөңгелек қалқанның, тас ыдыстардың, көгілдір моншақтың сынықтары, жебенің сабы мен ұштары, темір қорытпалары, т.б. табылған.<ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2-басылым). – Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010. – 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер