Бассүйек және иық, жамбас белдеулері мен қол-аяқ сүйектері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бассүйек

Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен-бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), тебе (9), самай (8), шуйде (7) және т. б. сүйектерден құралған . Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері - еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар . Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бұлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адам бассүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне - үстіңгі және астыңғы жақсүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақсүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны аркылы байланысқан Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақсүйек және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді

Қол қаңқасы

Қол қаңқасы - иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырын-ның пішіні үшбұрышты үш қырлы, жұқа әрі жалпақ сүйек.

Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қол басы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен қатарласа орналасқан. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады

Қол басы суйектеріне

Қол басы суйектеріне - білезік, алақан және саусақ сүйектері жатады. Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің - бас бармақтан баскасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал бас бармақта екеу болады

Аяқ қаңқасына

Аяқ қаңқасына - жамбас белдеуі мен аяқ ұшы сүйектері жатады Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Әрбір жамбас сүйегінің өзі бірімен-бірі тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай) тұрады

Аяқ суйектеріпе жататындар:

Аяқ суйектеріне жататындар: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, аяқ ұшы және башпай сүйектері . Асықты жілікпен қатарласа тұратын жіңішке сүйек - шыбық (садақ) сүйек деп аталады. Ортан жіліктің жұмыр ұршық басы жамбас ойысына кіріп тұрады. Толарсақта 7 сүйек бар, оның ең ірісі - өкше сүйегі. Табанды қысқа бес сүйектер құрайды. Қол саусақтары сияқты аяқтың башпайлары да, үлкен башпайдан басқасы 3 қысқа сүйектен құралған. Қол және аяқ сүйектері бірімен-бірі қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Мысалы, шынтақ буыны, тізе буыны және т. б. Аяқ ұшы сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан көбіне жалпақ-табандылық ауытқуы пайда болады . Оған аяқ бұлшықеттерінің өлсіз дамуы да әсер етеді. Бұл кезде аяқ ұшы сүйектерінің күмбезденіп орналасуы ауытқып, табан сүйектері жерге толық тиіп тұрады. Жүргенде, жүгіргенде аяқтың бұлшықеттері тез шаршайды. Жалпақтабандылықты болдырмау үшін өкшесі бар аяқ киім кию керек. <ref>Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub

be-x-old:Галаўны мозг scn:Ciriveddu