Баспа тігіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баспа тігіс - тігістің бір түрі. Бұл тігіс көбінесе өңіржиектің астына астар салып баспалап тіккенде қолданылады. Сондай-ақ кең етекті көйлектің етегі астар салынып бастырмаланып тігілсе, біртегіс және салмақтылау болады да, көйлектің етегі төгіліп, дөңгеленіп тұрады.

Сонымен қатар әжелер жаулықтарының немесе кимешектерінің жағын, өңірін қиғаштап кестелегенде баспа тігіс әдісімен тігеді. Шебер баспа тігіспен іс тігу барысында инені бас бармақ және сұқ саусағының көмегімен ұстай отырып, ортаңғы саусағының бірінші буынына жатқызып, яғни инені оңға қарай аздап қисайта отырып тігеді. Тігістің арасы жиі болғандықтан, мықты да болады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баспа тігіс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}