Баспасөздің жаңа технологиясы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Баспасөздің жаңа технологиясы – қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты баспасөздің жаңа технологиясы қалыптасуда. <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5ISBN 978-601-03-0070-5</ref>
Соған сай нарықтық жағдайдың әсері аз емес.
- Саяси баспасөз - саяси үрдістерді жазады, насихаттайды, соған орай көзқарас-пікірлер білдіреді. Әртүрлі партиялардың органы ретінде сөзін сөйлейді.
- Информациялық-коммерциялық баспасөз - ақпараттық нарықтың өрістеуіне байланысты пайда болған. Өз оқырмандарын жедел ақпаратпен қамтамасыз етуге тырысады. Әсіресе коммерциялық құрылымдарды арқау етеді. Кәсіпкерлер мен іскерлерге арнап шығарылады. Бұған қоса өздері коммерциялық басылым ретінде пайда табуды көздейді.
- Іскерлік баспасөз - нарыққа байланысты кәсіпкерлер мен іскерлердің қажеттілігін өтеуге тырысады.
- Салалық баспасөз - түрлі салаларды қамти отырып бөлінеді. Министрліктер мен комитеттердің жұмысына арналады. Сондай-ақ оқу-білімге, өндіріске, ауылшаруашылығына, экология мен құрылысқа, т.б. арналуы мүмкін.
- Аймақтық баспасөз - жергілікті жерлерде шығарылады. Аудандық, облыстық, т.б. баспасөз түрлері - әдеби-көркем, қоғамдық-саяси, ғылыми, жарнамалық, анықтамалық болып бөлінеді.
Баспасөз сипатына қарай - ақпараттық, аналитикалық, көркем- публицистикалық тұрғыда қамтылады. Тақырыптық – спорт, медицина, музыка т.б. Әлеуметтік ерекшелікті топтарға - әйелдерге, жастарға, балаларға арналған баспасөз.
Дереккөздер
<references/>