Баспансор
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Баспансор – Шағырай үстіртінің батысындағы сор. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында орналасқан. Батысында Үлкен Борсық құмы мен Берденсор көлі жатыр. Сордың ұзындығы 18 км, енді жері 8 км. Маңайында сұрғылт, сортаңды қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік өседі. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>