Басар (арқан)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басар - қатты жел тұрған кезде киіз үйдің үстінен бастырылып салынатын арқан түрі. Ұзын арқанның тұйығын киіз үйдің керегесінің оң немесе сол жақ босағасынан ішке қарай өткізіп алады да, ұшын үйдің артына қарай асырып, іргеде қағылған қазықтарға байланады. Қазыққа байланған тұсына салма деп аталатын үлкен қапқа салынған ауыр затты (тасты) бастырып қояды. Соған байланысты кей жерлерде оны салма арқан деп те атайды. Жел көп тұратын өңірлердегі ауылдар, әсіресе күзге қарай жел күшейетін уақытында басар арқанын тартып, салма салып қояды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Басар (арқан)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}