Барсакелмес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kos-aral.jpg
Барсакелмес.

БарсакелмесАрал теңізінің солтүстік бөлігіндегі түбек. Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейінгі ұзындығы 28 км, енді жері 8 км, ауданы 133 км2 (1987) арал болған. Түбек ендік бағытта созылып жатыр. Жер қыртысы неоген шөгінділерінің сазды тақтатас және мергель тау жыныстарынан тұрады. Оның бетін төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Жер бедері дөңесті-белесті болып келеді. Абсолюттік биіктігі (Шағалалы төбесі) 113 м. Құмды жерлерінде шағылдар мен құм төбешіктер бар. Барсакелместің батыс бөлігінің жағалауы жартасты, жарқабақты, шығысы жазық, жайпақ келген. Климаты тым континенттік, шөлдік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –10°С, кейбір күндері –35°С-қа дейін төмендейді. Шілдедегі орташа температура 26,5°С, кейде 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 – 120 мм. Жер асты суы ащы. Топырағы сұр, сортаң және құмдақ. Өсімдіктен сексеуіл, бұйырғын, теріскен, жусанның бірнеше түрі, адыраспан және әр түрлі сораң шөптер кең тараған. Теңіз суының тартылып қалуына және топырағының кебірленіп тұзға айналуына байланысты түбектегі жануарлар (ақбөкен, құлан, қарақұйрық, ор қоян, т.б.) Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығына және Үстірт қорығына көшірілген.

Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы жиырма мың гектар. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорық жерінің негізі – құммен қоршалған саз топырақты сортаң шөл. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдердеаққу, бірқазан, су құзғын ұялайтын. Теңіз суының тартылуына қарай қазір қорықта көл де, құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің екі жүз елуден аса түрі өссе, бауырымен жорғалаушылардың сегіз түрі (тасбақа, қалқантұмсықты жылан, қарашұбар жылан, жұмырбас кесіртке,жүрдек кесіртке, ысылдағыш жармасқы, т.б.), жыл құсының екі жүз он бір түрі (дуадақ, қылқұйрық, шіл, жылқышы, шүрілдек торғай, көк торғай, тағы басқа) болды; 1970 – 90 ж. олардың саны күрт азайып, тіпті кейбір түрлері жойылып кетті. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалады. Тік жартастарда дала қыраны, бөктергі және ителгі ұялайды. Қорықта 1950 ж. құланды жерсіндіру басталды. 1953 – 65 ж. Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында он тоғыз құлан әкелінді. 1976 ж. Барсакелмес қорығында құланның саны бір жүз елу жеті болса, соңғы кездегі Арал теңізіндегі экологиялық жағдайдың аса нашарлауынан, олардың саны күрт төмендеді. Сақтап қалу үшін құландар Қазақстанның басқа қорықтары мен қорықшаларына көшірілді. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Барсакелмес|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}