Барограф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Barograph.JPG
Барограф

Барограф (грекше baros — ауырлық және grapho — жазамын)—атмосфералық қысымның өзгеруін автоматты түрде үздіксіз жазып отыруға арналған құрал. Анероидтық Барографтар кең таралған. Ол атмосфералық қысымға сәйкес пішінін өзгертетін қатпарлы (гофрлі) қорапшалардан, беріліс механизмінен, сағаттық механизмі бар барабаннан және қораптан тұрады. Қысымның өзгеруі барабанға оралған диаграммалы қағаз лентаға жазылады. Барограф барабанның толық айналу уақытына қарай тәуліктік Барограф және апталық Барограф болып ажыратылады. Атмосфералық қысымның өзгеру сипатын толық жазып алу үшін микробарографтар пайдаланылады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Барограф|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

fr:Baromètre#Barographes