Бармақ ақын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бармақ ақын, Бармақ Мықанбайұлы (1866, қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданы1942) — ақын. Жамбылдың шәкірттерінің бірі.


Өлең айтуды жастайынан бастаған. Жамбыл оны алғаш байқағаннан-ақ қасынан тастамай ертіп жүрген. Бармақ ақын өлеңді көбіне қобызға, домбыраға қосып айтатын болған. Жамбыл мұражайында сақтаулы фотосуретте Бармақ ақын қолындағы қобызымен бейнеленген.

1913 жылы Романовтар әулетінің патша болғанына 300 жыл толуына арналған Алматыдағы көрмеге, сондай-ақ 1919 жылы халық ақындарының шығармаларына арналған айтысқа қатысқан. Бармақ ақынның қабілеті Нұриламен 1919 жылғы айтысында байқалады. Жамбыл Бармақ ақынның ақындық өнерін жоғары бағалаған. Оның “Қамқа — қанжар ақын, Кенен Әзірбаев — әнші ақын, Есдәулет — қара өлең ақын, Үмбетәлі — қара жорға ақын, Бармақ — әңгімешіл ақын”, — деуі осыған айғақ бола алады.

Бармақ ақын 1937 жылы жазықсыз жаламен ұсталып, 1942 жылы айдауда қайтыс болған.

Шығармалары

  • “Өмір соқпақтары”
  • “Төрт түлік мал”
  • “Кәрілік туралы”
  • “Дәулетияр мырзаға”
  • “Қасым датқаға”, т.б. өлеңдері мен термелері
  • “Бармақ пен Жанат қыз”
  • “Бармақ пен Кенжеқожа” атты айтыстары бар.

Шығармалары “Қыл қобызды Бармақ” деген атпен жарық көрді (1993). Шығармалары толық жиналмаған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті