Бармаққұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

БармаққұмТарбағатай жотасының оңтүстігінде, Қатынсу мен Еміл өзендерінің Алакөлге құяр тұсындағы құмды алқап. Аумағы 720 км2, абсолюттік биіктігі 383 м, ұзындығы 30 км, енді жері 25 км. Төрттік кезеңде қалыптасқан. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында орналасқан. Алакөлдің солтүстігінде құмды төбелердің биіктігі 15 м-ге жетеді. Етегінде бұта аралас еркек шөп, түйежапырақ, жусан өседі. Шығысында минералды жылы бұлақ (Айнабұлақ) бар. Бармаққұм мал жайылымына пайдаланылады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub