Барлық-Арасан бұлақтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Барлық-Арасан бұлақтары Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы. Қабанбай (Жарбұлақ) ауылынан шығысқа қарай 16 км жерде табылған жер асты су көздері. Мұнда тас көмір жыныстарындағы (кварцтық альбитофир) тектоникалық жарылымның 1,5 км-лік бойында 13 бұлақ бар. Олардың жалпы су ағымы 2,6 л/с. Судың температурасы 20 – 42°С, минералдығы 1,4 – 1,8 г/л, кремний қышқылының мөлшері 45 – 64 мг/л, радон 0,6 – 2,5 нКи/л. Химиялық құрамы негізінен сульфатты натрийлі болып келеді. Барлық-Арасан бұлақтарының негізінде 1963 жылдан бальнеологиялық емдеу орны жұмыс істейді. Онда тері, буын, ас қорыту, жүйке және гинекологиялық аурулар емделеді. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Барлық-Арасан бұлақтары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}