Барақ Сатыбалдыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Барақ Сатыбалдыұлы туы.JPEG
Барақ Сатыбалдыұлы туы
Сурет:Барақ Сатыбалдыұлы шапаны.jpeg
Барақ Сатыбалдыұлы шапаны

Барақ Сатыбалдыұлы (1743, Үстірт, Сам құмы1840, сонда) — батыр, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі.

Барақ Сатыбалдыұлының батыр атағы 18 жасында (1761) торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> 18 ғасырдың 70-жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен Жайық арасында қалмақтармен соғысты.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> 1785-1792 жылдары Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресте көтеріліс басшыларының қатарында болды.<ref> «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Сырымның жақын серігі Барақ Сатыбалдыұлы 3 мыңдық жасағымен Орынбор шебіндегі қамал-бекіністер бойында және қазақ даласына жіберілген патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен кескілескен шайқастар жүргізді. Орал әскери кеңесінің рапортында (1785 жылы наурыз) Барақ Сатыбалдыұлының екімыңдық жасағымен үкімет әскеріне қарсы тұрғаны жазылған. Барақ Сатыбалдыұлының әскери күші туралы барон О.А. Игельстромның император Екатерина ІІ-ге жазған хатында да айтылады. Батырдың тегеурінді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зомбылығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді, Батыс Қазақстанның отарлануын тежеп, әскери бекіністердің көптеп салынуына жол бермеді. Барақ Сатыбалдыұлының есімі табын руының ұранына айналды.

Оның ерліктері “Барақ Батыр” дастанына арқау болған. Барақтың ұлы Асау (1763-1846) мен немересі Дәуіт те атақты батырлар болған. Барақ пен Асау батырлар Сам құмында Тұрыш ауылының оңтүстік-шығысында, 15 км жерде жерленген. 1993 жылы Барақтың бейітіне күмбезді кесене тұрғызылды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}