Балқаш маңы жазығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балқаш маңы жазығы - - Балқаш көлінің оңтүстік жағында, оңтүстік-шығысында Жоңғар (Жетісу) Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ. Жазықтың құрылысына тән өзіндік ерекшелігі - жекелеген таулы қыраттармен көмкерілген. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар (Бақанас) кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесік атырау құмы және Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалар мен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар мен сазды-құмды жерлер кәдімгі шағылдармен алмасып отырады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер