Балқаш көлінің тaғдыры фильмі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Балқаш көлінің тaғдыры” фильмі – "Қазақтелефильм" студиясының түрлі түсті, 4 бөлімді, қазақ-орыс тілдеріндегі деректі фильмі (1988)<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


Онда түрлі саладағы өндірістік жұмыстардың табиғатқа зардапты әсері турасында мәселе көтеріледі. Жаңашылдық әрекеттердің табиғатпен үйлесімі ойластырылмағандықтан, қоршаған ортаға көптеген зиянды әсерлері бар екені көрсетіледі. 5 млн.нан астам тұрғын өмір сүріп жатқан Балқаш және бүкіл Іле бойы өңіріне тіршілік нәрін беретін өзен-көлдердің ластануы, түптеп келгенде, адамдардың өздеріне ауыртпалық тудыратының көріністік дәйектермен баян ететін фильмнің мән-маңызы әлі де жоғары. Режиссері - Ю.Дубровин, операторлары - Ю.Дубровин, Ю.Монашев.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}