Балқашев Үмітбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балқашев Үмітбай (1898 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданында дүниеге келген) – педагог-философ, қоғам қайраткері<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


1911-13 жылдары ауылдық мектепте 3 жыл, одан кейін Троицкіде татар мектебінде (1917-18) оқыды, Орынборда жұмысшы факультетін, М.Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірді (1930). Қазақстан Коммунистік Журналистика Институтының тұңғыш директоры (1926). 1930 жылдан бастап Алматы педагогикалық институтында педагогтар мамандығын арттыратын институт меңгерушісі, ассистент, диалектикалық және тарихи материализм кафедрасының доценті, директордың оқу бөлімі жөніндегі орынбасары болды.

1939-41 жылдары Қазақтың Коммунистік журналистика институтының ректоры. Осы кезде марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуға катысты. 1942-46 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1946-50 жылдары Қазақ КСР-ның философиялық секторын басқарды. Философия және басқа ғылыми тақырыптарға арнап жиырмаға жуық мақала жазды. 1950 жылы шыққан "Философия тарихы" (I т.) авторларының бірі. I дәрежелі Отан соғысы ордені және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}