Балғожа Жаңбыршыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балғожа Жаңбыршыұлы (туған жылы белгісіз, қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданы1860, сонда) — би, Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздегі қыпшақ тайпасының ұзын руынан.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>


1824 жылы хандық жойылып, Орынбор генерал-губернаторлығы үш аға сұлтандыққа бөлініп, әр аға сұлтандық дистанцияларға, дистанциялар бөлімшелерге бөлінген кезде Балғожа Ұзынқыпшақ бөлімшесін басқарған. Балғожа 1839 жылы хорунжий, 1848 жылы жүзбасы (сотник), 1850 жылы старшина әскери лауазымын алған. Ресей өкіметі тарапынан “Ынталылығы үшін” (“За усердие”) деген алтын медальмен марапатталған. Сонымен бірге патша өкіметі оған аты жазылған екі тапанша мен қосауыз мылтықты сыйға тартқан. Балғожа Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті басуға қатысты. Оның баласы Алтынсары 1844 жылы көтерілісшілер қолынан қаза тапты. Осыдан соң немересі Ыбырайды өз тәрбиесіне алды. Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы жарық көрген “Қазақ хрестоматиясы” кітабына “Балғожа бидің баласына жазған хаты” деген өлеңді енгізген. Сол өлеңде айтылатын ақыл-өсиеттер Балғожаның сөздері.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}