Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев 10 қаңтар 1971 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы - танымал дінтанушы, елімізде білім алған алғашқы дінтанушы маман. Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шығыстану факультетін дінтану мамандығы бойынша бітірген.

1995 жылы Түркия Республикасы Анкара қаласы Анкара университетіне магистратураға түсіп, Дінтану магистрі академиялық дәріс алды.

1997 жылы Түркия Республикасы Анкара қаласы Анкара Анкара университетіне Ислам тарихы мамандығы бойынша докторантураға түсіп 2002 жылы бітірген.

1995 - 2002 жылы Түркия Республикасының Анкара қаласындағы А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Анкара филиалының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, біліктілікті көтеру курстары бойынша 2001 жылы Түркия Республикасы Башкент университетінің Сапа мененджментінің басқару курсын, 2002 жылы Түркия Республикасы Халықаралық қатынастар және Қоғамдық Басқару Орталығының арнайы құрсын бітіріп, диплом алды.

2002 жылы Қазақстанға оралып, Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Президентінің көмекшісі лауазымына тағайындалды.

2003 жылғы қыркүйек айынан қазан айына дейін Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2003 жылдың қазан айынан бастап Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі.

2006 - 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті ұйымдастыру және талдау бөлімінің бас маманы, сарапшысы қызметтерін атқарды.

2008 жылы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.

2010 жылы сәуір айынан бастап ҚР Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Басқарма бастығы лауазымына тағайындалған. 2010 жылдан бері Ислам мәдениетін қолдау білімі мен қорының атқарушы директоры қызметін атқарып келді.

2011 жылдың қараша айынан бастап ҚМДБ-ның Аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.

2008 жылы «Діни терминдер» сөздігін құрастырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінен басылып шықты. Дінтану, Ислам тарихы, Ислам философиясы, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, халықаралық саясат, діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер, Қазақстан Республикасындағы діни ұйымдардың қызметтері мәселелері бойынша 100-ге жуық мақалардың авторы.

<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub