Бальзамдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бальзамдаумәйітті ұзақ сақтау үшін шірітпейтін заттармен өңдеу. Бальзамдау үшін шіріткіш микроорганизмдерді жоятын және тіндердегі ферменттердің әрекетін тоқтататын заттар қолданылады. Мәйіт ғылыми және сот медицинасы үшін, қаза болған адамның денесін зарарсыздандыру, алыс жерге тасымалдау немесе ұзақ сақтау үшін бальзамдалады. Алғаш бальзамдауды ертедегі мысырлықтар қолданған. Олар өздерінің діни көзқарастарына байланысты өлген адамды жерлемейтін болған. Бірақ олардың бальзамдау тәсілдері туралы деректер бізге толық жетпеген. Грек ғалымы Геродот Египеттегі бальзамдау тәсілдерін сипаттаған: өлген адамның миы темір ілгекпен мұрын қуысы арқылы шығарылып, бас сауытына еріген шайыр құйылған; ішек-қарын алып тасталып, іш қуысы пальма арағымен жуылған; камедь желімі сіңген дәкемен оралған денені кептірген. Еуропада 16—17 ғасырларда бальзамдау үшін тұз, алоэ, ашудас, терпентин, иісті шайырлар қоспасы, ал 18 ғасырда шарап спирті қолданылды. 19 ғасырда химия ғылымының дамуына байланысты бальзамдау үшін алмас, күшәлә, ашудас, эфир, хлорлы мырыш, хлороформ, глицерин, креозот, камфора, тимол қоспалары қолданыла бастады. Әсіресе, 1859 жылы .М.Бутлеров ашқан формальдегидтің мәні зор болды. Формальдегидтің судағы ерітіндісі (формалин) тіндерді қатайтып, микроорганизмдерді өлтіретін, ондағы ферменттердің әрекетін тоқтататын өте арзан зат болып шықты. Мәйіт кейпін өзгертпей, ұзақ уақыт сақтау үшін формалин, спирт, глицерин және сірке қышқыл калийдің судағы ерітіндісі қолданылады. Мәйітті алыс жерге апару, уақытша сақтау және зарарсыздандыру үшін 6—7 л 10—20%-тік формалин ерітіндісін шприцпен қолқаға, күре тамырларға жібереді. Кейде мәйітті бальзамдық сұйық құйылған ваннада да сақтайды. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бальзамдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}