Балық шаруашылық кәсіп-орындары мен ұйымдарының суды пайдалану жөніндегі құқықтары және міндеттері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Балық шаруашылық кәсіп-орындары мен ұйымдарының суды пайдалану жөніндегі құқықтары және міндеттері — сутоғандарын немесе олардың учаскелерін балық шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтардың оларда балық шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жұмыстарды жүзеге асыруы. Сондай-ақ балықтар, басқа да су жануарларын аулау мен өсімдіктерін өндіру және сіру жұмысын жүргізеді. Балық шаруашылығының мұқтаждары үшін өздеріне сутоғандары немесе олардың телімдері берілген су пайдаланушылар: табиғатты, балық қорларын қоргайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органдармен келісім бойынша сутоғандарының жай-күйі мен балық қорларын ұдайы толықтыру жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиорациялық-техникалык шараларды жүргізуге; балық аулау орындарындағы жағалау учаскелерін тиісті санитариялық жай-күйде үстауға міндетті. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub