Балықшы әулие
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Балықшы әулие -Оңтүстік Қазақстан облысындағы,Созақ ауданындағы Теріскейден Түркістанға асатын жолдағы Суындық деген жерде орналасқан киелі әулиелі орын. Басында үлкен бұлағы бар, ішінде толған балық, суы суық, емдік қасиеті мол. Бұлақ басы тоғайлы-тасты жер, балығына ешкім тиіспейді. Әулиеге түнеп сиынушылар балықтарға жем тастап, ырым қылады. Балығын ұстаған адам жаманшылыққа кезігеді деседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>