Балшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балшөп (Megacarpaea) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Моңғолия, Қытай, Орта Азияда өсетін 10-нан аса түрі белгілі. Қазақстанда шөлейт, сортаң жерлерде, далаларда, тау беткейлерінде, өзен аңғарларында өсетін 5 түрі бар. Оның ішінде Мұғалжар Балшөбі – эндемик болып саналады. Жиі кездесетін түрі – ірі жемісті Балшөп (M. megalocarpa). Оның биікт. 20 – 40 см, дара сабақты, жапырақтары түкті, көкшіл сұрғылт түсті болады. Гүлдері селдір шашақ тәріздес гүлшоғырына топталған. Күлтелері көкшіл қызғылт. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Қызғылт жемісінің пішіні жалпақ, беті тегіс келеді. Балшөптің крахмалға бай тамырын пісіріп не шикі күйінде жеуге болады. Тұқымында күнжіт майы сияқты май бар. Жайылымда түйе сүйсініп жейді. Көкөніс ретінде қолдан да өсіріледі. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балшөп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}