Балуан тас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балуан тас — күш сынасу үшін арнайы таңдап алынған тас.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Балуан тас көтеру қазақ халқында да болған. Халық арасындағы әңгімелерге қарағанда ертеде Жетісудан Қоянды жәрмеңкесіне баратын керуен жолының бойында “Балуан тас” деп аталып кеткен үлкен тас жатқан. Ұзақ жол жүріп зеріккен жолаушылар осы жерге келгенде ат шалдырып, бойларын жазып, Балуан тасты көтеріп күш сынасады екен. Күш атасы Қажымұқанның қартайған шағында айтқан: “Бір тас бар Қояндыда — Балуан тас, Жасымда он екі ай болдым мұңдас. Сол тастай жұртта қалып мен жатырмын, Қайран күш бір кеткен соң қайта қонбас!” деген өлеңі Қояндыдағы Балуан тасты көтеріп күш сынасу — арнайы спорт түріне айналғандығының айғағы. 1846 жылы поляк ақыны А.Янушкевичте қазақтардың тас көтеріп жаттығатынын, бұл жаттығуда Барақ сұлтанның алдына жан салмайтын алапат күш иесі екендігін таңдана жазады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде Таусоғар(Ер Төстік), Тау көтерген Толағай, т.б. кейіпкерлердің болуы да Балуан тас көтерумен қазақтар ежелден айналысқанын көрсетеді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балуан тас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}