Балуантас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балуантас - қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл аймағындағы орналасқан ірі тас. Ені 1 метр, ұзындығы 2 метр. Балуантасты ең алғаш Қожамбет руынан шыққан Сырым балуан көтерген. Кейіннен Балуантасты Төртуыл руынан шыққан Мейрамғали балуан көтерген. Оқиғаны өз көзімен көргендердің айтуы бойынша, Мейрамғали балуан тасты көтеріп алып, 40-50 қадамдай апарып, қайтадан орнына әкеліп қойған. Осыдан кейін, Балуантасты көтерген адамдар болмаған. Балуантас осы күнге дейін сақталған. Мейрамғали балуан 1969 жылы қайтыс болған. Ұрпақтары Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Жиделі және Жаңаауыл ауылдарында тұрады.Үлгі:Уики