Балтүк
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Балтүк , гипогомфия (Үлгі:Lang-la) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда тау бөктерлерінің балшықты жерлерінде, өзен бойларында, егістіктерде өсетін 1 түрі – Түркістан Б. (Н. turkestana) бар. Биікт. 5 – 20 (30) см. Сабақтары түбінен бұтақталған. Жапырақтары ұзынша, шеті тісті, кейде бүтін. Тостағанша жапырақтары қоңырау тәрізді, ұзындығы 8 мм-дей. Күлтесі ақ түсті. Гүлдері күлтебас гүлшоғырына топталған. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Жемісі – жаңғақша.
Түрлері
- Hypogomphia bucharica Vved. –
- Hypogomphia purpurea (Regel) Vved. ex Kochk. –
- Hypogomphia turkestana Bunge – Түркістан балтүгі