Балтакеткен
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Балтакеткен – Үстірттің орт. бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Тереңд. 12 м, су шығымы 600 л/сағ. Солт-нде Латыпқазған қонысы мен Нұрсеп төбесі жатыр. Тақыр, сұр, сортаң қоңыр топырағында қара жусан, сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, сексеуіл шоғырлары өседі.