Балтабай Әбдіғазиұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балтабай Әбдіғазиұлы 1952 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1974-1978 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1978-1987 жылдар аралығында «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде білім меңгерушісі, «Жалын» журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>. 1987-1990 ҚазҰПУ-дың аспиранты, 1990-1992 жылдары доценті, 1992-1998 жылдар аралығында сол университеттің деканы болды. Қазір осы университеттің кафедра меңгерушісі. Шәкәрім шығармашылығына арналған ғылыми еңбектердің авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Алаш кайраткерлері көркем шығармашылығына бойынша мақалалар жазған. Бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}