Балтабаев Рахат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балтабаев Рахат (1928 жылы 20 қаңтарда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Арбиген ауылында дүниеге келіп, 1993 жылы Павлодар қаласында дүниеден өткен) – тележурналист<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

ҚазМУ-ді (1954), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1964). 1954 жылы Павлодар облысы радиосында еңбек жолын бастады. Бұдан кейін облыстық "Қызыл ту" газетінің Бесқарағай аудиториясының меншікті тілшісі, республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарады. 1962-65 жылдары облыстық радионың аға редакторы, телевидение ашылғаннан кейін бас редактор (1965-82) болды.

Облыстың партия ұйымдарының жұмыстарына арналған "Партия тұрмысы", ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің өмірі туралы "Дала шұғыласы" бағдарламаларын әзірлеп, жүргізді. Шауляй қаласында болып, Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаев туралы хабарлар сериясын дайындап, эфирге шығарды. КСРО және Қазақ КСР Телевидение және радиохабарларын тарату жөніндегі Мемлекеттік комитеттердің грамоталарымен, "КСРО Телерадиосы үздігі" белгісімен (1980), облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталған. Облыстық Журналистер одағы сыйлығының иегері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}