Балдырған журналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Балдырған" журналы – мектепке дейінгі балаларға арналған республикалық журнал (1958)<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


Алғашқы редакторы көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев. Жауапты хатшысы Ә.Дүйсенбаев, бөлім меңгерушілері Б.Соқпақбаев пен Қ.Мырзалиевтар сүбелі үлес қосты. Қазір "Балдырған" журналын көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев басқарады.

Журнал беттерінде А.Жаманбалаев, Н.Сералин, Қ.Ыдырысов, С.Қалиев, Қ.Жұмағалиев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, М.Қабанбай, С.Жүнісов, Ф.Оңғарсынова т.б. ақын-жазушылар шығармалары басылып тұрды. Журнал айдарлары: "Бала тілі бал", "Кел, ойнайық", "Жаттап алу оңай", "Жұмбақтар" т.б. 20 ғасырдың 70-жылдары "Балдырған" таралымы 200 мың данаға жетті, қазір 30 мың дана.

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}