Балаұйық
Балаұйық — Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы құдық секілді терең үңгір. Үстірттің оңтүстігіндегі Балаұйық қорымынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан. Үңгір неоген кезеңінің әктасты-карсты шұңқырынан басталады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> Ұзындығы 140 м, жалпы тереңдігі 115 — 120 м. Үңгірдің ауыз жағы тар, ол 50 — 55Ә көлбеу бұрыш жасап төмен қарай кетеді. Жердің астында, 20 — 25 м тереңдікте 1-бөлме, 70 — 75 м тереңдікте 2-бөлме, 100 — 115 м тереңдікте төбесі күмбезделіп келген 3-бөлме бар. Дөңгелене біткен 3-бөлменің еденінде көлденеңі 22 м, тереңдігі 4,5 — 5 м көл жатыр. Оның суы көгілдір, дәмі ашқылтым. Үңгірден палеолит заманының адамдары пайдаланған бұйымдардың сынықтары табылған. Балаұйық үңгірінің туристік маңызы зор.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>
Дереккөздер
<references/>