Балаған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

  • 1) Балаған (Парсы тілінде балахане - жоғарғы бөлме) -театр, цирк және эстрадалық ойын-сауықтар көрсету үшін уақытша тұрғызылған үй-жай. Балаған Ресейде 18 ғасырдың ортасынан бастап белгілі болды. Алғашқыда ойын-сауық өткізу үшін жәрмеңкелердегі сауда орындары пайдаланылды. Кейіннен төбесі кенеппен жабылған арнаулы ағаш үйлер тұрғызылды. Оның алдына көпшілікті ойын-сауыққа шақыратын артистерге арнап балкон (раус) орнатты. Балағанда жалған патриоттық пьесалар, классикалық шығармалардың мейлінше қысқарған түрлері мен фарстар, т.б. қойылды. Мұнда сауыққой даршылар, көзбайлаушы-сиқыршылар, күлдіргі-қуақылар өнер көрсетті. Балаған 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін өмір сүрді. Қазақстанда Қоянды жәрмеңкесі өзінің осындай думанды сауықтарымен әйгілі болған;
  • 2) Жазды күні үсті шөппен жауып жасалатын күрке, қос.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}