Балашықтайтын өсімдіктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балашықтайтын өсімдіктер (Plantae vіvіparae) – көбею мүшелері орналасқан жерінде көкшіл өскіндері болатын өсімдіктер. Б. ө-дің өсіп тұрған жемісінің ішіндегі ұрығы өскін береді. Кейбіреулерінде гүлдің орнына немесе гүлшоғырының арасында бүршіктер пайда болады. Осы бүршіктер аналық өсімдіктен бөлінбей тұрып өседі де, кейін жерге түсіп өнеді (баданалы қоңырбас, түйнек таран). Кейбір өсімдік жапырақтарының шетінде өскін бүршіктер пайда болады. Бұл тропик өсімдіктерінде жиі кездеседі. Өсімдіктің балашықтау жолымен көбею себебі гүл мен тұқымның өнуі үшін экол. қолайсыз жағдайдың тууына байланысты.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балашықтайтын өсімдіктер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}