Баланы атқа мінгізу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Баланы атқа мінгізу - ата-аналардың баласының алғаш атқа міну қуанышына жасайтын тойы. Қозы жаю сияқты т.б. ұсақ шаруашылыққа қолқабыс ете бастауын айқындайтын тіршілік цикліне байланысты атқарылатын ғұрыптардың бірі. Ата-ана үшін жеткіншегінің жетілуі, әр кезеңі жаңаша қуаныш, келер күннің жақсы үміті. Баланы атқа мінгізетін күні ауыл адамдары түгел жиналады. Атқа мінгізу жоралғысы бала 5-6 жасқа келгенде жасалады.   Аттың жал-құйрығына, бастан-аяқ жаңа киім киген баланың баскиіміне, шапанына арқасына шоқтап үкі тағылады. Үкі — қазақ ұғымында — «зиянды күштердің залалын қағатын құс». Балаға арнайы дайындаған ашамай ер атқа ерттеледі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub