Балантидий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балантидий(Үлгі:Lang-la- балантидиаз ауруын тудырады.

Негізгі сипаттамасы

Ол тоқ ішекте кездеседі және барлық жерлерде тараған. Балантидий денесі жұмырлау немесе жұмыртқа пішінді болып, өлшемі- ұзындығы 30-200мкм, ені 20-20мкм тең. Денесінің алдыңғы қысыңқы жағында перистом, содан кейін воронка тәрізді цитофаринкс, ал денесінің артқы жағында анель порасы- қылаулатқыш орналасқан. Балантадий қорытылмаған ас қалдығымен, эритроциттермен қоректенеді. Жиырылғыш вакуольдары 2-еу. Цисталары сопақша не домалақ (дм 50-60мкм) пішінді болып келеді.

Тіршілік циклы

Инвазиялық сатысы болып циста саналады. Асқорыту жолында цистадан вегетативтік формасы түзіледі. Вегетативтік форма күйінде балантадий ішекте ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Бірақ кейде белгісіз жағдайлардың әсерінен (аскаридоз), олар ішектің қабырғасына еніп, оны зақымдап, үлкен жара пайда етеді. Ішектің артқы бөлімінде вегетативтік форма цистаға айналады да үлкен дәретпен сыртқа шығарылады. Балантидиаздың негізгі резервуарлары болып жабайы және үй шошқалары саналады. Олардың фекалияларымен цисталар сыртқа шығарылып қоршаған ортаны ластайды. Адамдар шошқаларды күтіп баққанда цисталарды жұқтыруы мүмкін, сонымен қатар лас жеміс- жидектер, лас қол, қайнатылмаған су т.с.с. арқылы да жұғуы мүмкін.

Патогендік әсері

Ішек қабырғасында қансыраған жара пайда етеді, қан-аралас іш өткізеді. Емделмесе дүние салуға алып келеді.

Лабораториялық анықтау әдісі

Фекалияны микроскоп арқылы зерттеп паразит цисталарын табу.

Аурудың алдын алу шаралары

Жеке шаралар- жеке гигиена нормаларын сақтау; қоршаған ортаның шошқа қиымен ластануын болдырмау; шошқа фермаларында тиісті еңбек тәртібін ұйымдастыру т.б. болып табылады.

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балантидий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}