Балалар авто-отырғышы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Child car seat.JPG
300px
Балалар авто-отырғышы — автомобильдерде балаларды тасымалдауға арналған отырғыштар. Автомобильдердегі қауіпсіздік белбеулері ересек адамдарға арналғандықтан, балалардың туған кезінен бастап, шамамен 12 жас аралығына (36 кг немесе 1.5 метрге шейін) дейін тасымалдау үшін қажет.
Негізгі мақсаты – кішкентай жолаушыны жол апаты кезінде, дереу тежелу немесе басқа да маневрлер кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету. АҚШ жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының деректеріне сәйкес, авто-отырғыштар бір жасқа дейінгі нәрестелерге апат кезінде төнетін өлім қаупін 71%-ға, ал 1 мен 4 жас аралығындағы балалар үшін 50%-ға азайтады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> .