Бай әке, Кедей әке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бай Әке, Кедей Әке (Үлгі:Lang-en) — ұлты жапон болып келетін амеркандық бизнесмен Роберта Кийосаки мен Шэрон Лектердің кітабы. Кийосакидің пікірінше, адамдар ақшаның жұмыс заңдылықтарын біле тұрмай, өмір бойы финастық жетістіктерге қол жеткізу үшін күреседі.

Сюжеті

Кітаптың негізіне Роберттің балалық шағында алған ақшаға байланысты екі түрлі тәрбиелік көзқарас жатыр. Бірі — білім министрі болып қызмет еткен өзінің туған әкесі, екіншісі — Майк атты досының бизнесмен әкесі, кейінірек анықталғандай, Гавай аралдарындағы ең бай адамдардың қатарына кірген кісі. Екі тәрбиелік жолдан, екіншісін таңдаған Роберт финанстық табысқа қол жеткізген. 47 жасында ол іскерлік мансабын тастап, ұстаздық жолға көшеді. Оның «Егер бақытты әрі бай болғың келсе, мектепке барма» атты кітабына сәйкес, ендігі оның бизнесі — ұстаздық.

« „J.P.Morgan“ компаниясы «Жарлы Әке, Кедей Әке» кітабын миллионерлерге арналған міндетті оқу кітабы деп жариялаған.».

Критика

  • «Жарлы Әке, Кедей Әке» кітабының кітабының критикаға жиі түсу себебі, оның нақты кеңестер бермей, оларды анекдоттық мысалдармен алмастыратыны. Бастық үшін белді сындырмау идеясымен қызыққан кейбір оқырмандар оны қалай іске асыруды білмейтінін түсініп жататын.
  • Кейбір адамдардың айтуынша, кітапта айтылған кеңестердің сапасы төмен, ал кейде, тіпті зиянды болып келген. Мысалы, Кийосакидің ойынша инвестициялардың әртараптандырылуы дұрыс емес, оның орнына бірнеше сенімді инвестицияларға көңіл бөлген дұрыс. Көпшіліктің ойынша, ол білім алудың маңыздылығын қатты төмендетіп жіберген.
  • Кітапта көрсетілген Кийосаки жетістіктері кейде асыра айтылған әрі сенімсіз секілді болып көрінеді. Көптеген адамдар «Жарлы әкенің» кім екенін анықтап көргенімен, ешқандай нәтиже жоқ. Гавай аралдарының ең бай адамдарының бірін табу оңай болуы тиіс еді, өйткені, аз халықты бұл штатта ондай адамдар саны аз. Алайда, Кийосакидің Дональд Трамппен бірге жазған «Неге біз сендердің бай болғандарыңызды қалаймыз» кітабында осы отбасының қалауымен отбасының толық аты жөні жасырылғандығы туралы жазылады.

Сілтемелер