Байғали Алманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байғали Алманов (1904, Ырғыз ауданы - 1984, Қарабұтақ селосы) - әнші, ақын, домбырашы.


Еңбек жолын жалшылықтан бастап, Ырғыз өңірінде құрылған «Қызыл Отау» ( бұқаралық мәдени- ағарту мекемесі) бастығы болған (1925). Бұл мекеме ауылдағы сауатсыздықты жою, шаруалар арасындағы үгіт-насихат жұмысын жүргізу, концерт, сауық кештерін өткізумен айналысқан. 1930-40 жылдары Ырғыз ауданының Мәдениет үйінде ұлт-аспаптар оркестірінде домбырашы. 1940-64 жылдары Қарабұтақ ауданының Мәдениет үйінде домбырашы, көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі. Ол халық ақыны Жөкей Шаңғытбаевтың «Құл мен қыз» поэмасын, «Қобыланды», «Алпамыс», т.б. эпостық батырлар жырын таратушы болған. Өз жанынан отан, туған жер жайлы толғаулар шығарған.<ref>А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер