Байнияз Қайыпназаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайыпназаров Байнияз (25. 08. 1916 жылы туған, қазіргі Қарақалпақ ACCP-i, Шымбай ауд.) — Қарақалпақ совет ақыны, 1953 жылдан КОКП мүшесi. 1932-1946 жылы ауылдық мектептерде мұғалім, оқу iciнің меңгерушiсi, директор болып iстедi. 1946-1967 жылдары Қарақалпақстан Жазушылар одағында, баспа орындарында iстедi. 1967 жылдан «Қарақалпақстан» баспасының көркем әдебиет бөлiмiнде редактор. Шығармалары 1935 жылдан бері жариялануда. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1940 жылы жарық көрді. Ол - «Халыққа қызмет қыламын» (1947), «Алтын күз» (1950), «Қуаныш жыры» (1952), «Бозжап бойында» (1955) атты өлеңдер жинақтарының авторы. А. С. Пушкин, Т. Г. Шевченко т. б. ақындардың шығармаларын қарақалпақ тiлiне аударды. Қайыпназаров шығармалары орыс, өзбек, қазақ тiлдерiнде де жарық көрді.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref>

Дереккөздер

<references/>