Байланыс арнасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Devolo.JPG
Байланыс арнасы.

Байланыс арнасы, хабар жеткізу арнасы — таратқыштан (ақпарат көзінен) қабылдағышқа (ақпарат қабылдағышқа) кез келген хабарды жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құрылғылардың жиынтығы не физикалық орта. Байланыс арнасы ақпараттың түріне қарай (телеграфтық, телефон|дық, теледидарлық, телемеханикалық, т.б.) не байланыс желісінің тармағына қарай (сыммен берілетін, радиорелелі, талшықты-оптикалық, Жер серігі арқылы жүзеге асырылатын, т.б.) ажыратылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Байланыс арнасының сыйымдылығы

Байланыс арнасының сыйымдылығы (Емкость канала связи; communication channel capacity) — берілген арна бойынша белгілі бір уақыт бірлігі ішінде жеткізілетін ақпараттың ең жоғарғы мөлшерімен анықталатын байланыс желісінің сипаттамасы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub