Байкал маңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Иняптук 1.jpg
Солтүстік Прибайкальедегі Иняптук жазығы

Байкал маңы (Үлгі:Lang-ru ) - Байкал көлін (Ресей) айнала қоршаған жоталар мен тау аралық қазан шұңқырлар алып жатқан физикалық-географиялық облыс.

Батысында Приморье (биіктігі - 1728 м) мен Байкал (257 м) жоталары, орталық бөлігінде Байкал көлі мен Тунка, Баргузин, Жоғары Ангара т.б. қазан шұңқырлар, шығысында Хамар-Дабан ( м), Улан-Бургасы (2049 м), Икат (2573 м), Баргузин (2840 м) жоталары орналасқан. Облыс архей мен протерозойдың тақта тас, әк тас, кварцит, гнейстерінен түзелген. Жоталардың беткейлерінде түгелдей таудағы тайгалық, тау аралық қазан шұңқырларда дала өсімдіктері өседі. Ең биік талардың басы жалаңаш келеді. Пайдалы қазбалардан слюда, алтын және құрылыс материалдары бар<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том</ref> .

Сурет:Ruchey vpadayuschij v Bajkal 01.jpg
Байкалға құятын өзердердің бірі

Дереккөздер

<references/>